"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2017

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша  мектепішілік курстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық хат

 

2016 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  кеңесінің хаттамасындағы

тапсырманы орындау мақсатында   жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің сенбілік күнін кәсіби даму үшін қолдану мәселесі бойынша, әдістемелік күн аясында педагогикалық ұжымды  «Тең-теңімен» қағидасы негізінде оқыту ұсынылған мұғалімнің кәсіби даму моделі әзірленді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі НЗМ ДББҰ ПШО) жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі (бұдан әрі -Бағдарлама) «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасын жасады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

Бағдарлама бойынша мұғалімдерге курс ұйымдастыру барысында мыналарды басшылыққа алу қажет:

1)  Бағдарламаны іске асыруды жалпы білім беретін мектептерде 2016-2017 оқу жылы мектепішілік курс аясында бастау қажет.

Сабақты  НЗМ ДББҰ ПШО-да мектеп тренері Бағдарламасы бойынша курстан өткен және сертификатталған педагогтер өткізеді.

2) Курс өткізу барысында бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені қолданылады, оның құрамында:

·                   Мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы.

·                   Педагог кадрларға арналған бағдарлама.

·                   Тренерге арналған нұсқаулық.

·                   Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық.

·                   Мұғалімге арналған нұсқаулық.

·                   Мектеп тренеріне арналған үлестірме материалдар.

·                   

Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. 

3)  Сонымен қатар, қосымша ресурс ретінде НЗМ ДББҰ ПШО www.cpm.kz (форум, блогтар, мұғалімдердің желілік қоғамдастығы) сайтындағы материалдарды және НЗМ ДББҰ sk.nis.edu.kz. порталында орналасқан

жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалануға болады.

4)  Бағдарлама бойынша оқу қорытындысында тыңдаушылар мектеп тренеріне  портфолио  құрастырып, тапсырады.

Портфолио құрамы:

-      Бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибелік қызметіне енгізу негіздемесі мен оқыту және оқу  тәжірибесіне 

енгізілген өзгерістердің тиімділігінің талдауы берілген рефлексиялық есеп (2000 сөз).

-      

Бағдарламаның бір тақырыбын тәжірибесіне енгізгенін көрсететін 3 сабақтың жоспары, түсініктемелерімен бірге (250 сөз).

5)  Бағдарлама бойынша оқыған мұғалімнің қорытынды аттестаттау шешімін мектеп тренері мен мектеп әкімшілігі ұжымдық түрде тыңдаушы портфолиосының жиынтық бағалауы нәтижесі негізінде қабылдайды.

6)  Бағдарламаның толық курсын аяқтаған және қорытынды бағалау рәсімінен табысты өткен мұғалімдерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі бойынша куәлік табысталады. Куәлік мектепте басылып шығарылады. (1-қосымша )

7)  Жалпы орта білім беру мекемелері әкімшілігінің міндеті:

·     мектеп тренеріне мектепішілік курсты өткізу үшін әдістемелік күн беру;

·     сабақ кестесін тренердің әдістемелік (немесе сенбі) және демалыс күндерін ескере отырып жасау;

·     тыңдаушылар тобын деңгейлік курс бағдарламасынан өтпеген мұғалімдерден құру (топтағы тыңдаушылар саны 25–тен аспауы керек);

·     тындаушыларды курсқа тіркеу және аяқтау туралы бұйрық шығару;

·     мектеп мұғалімдерін оқытуды үнемі бақылауда ұстау;

·     бағдарламаның толық курсын аяқтаған және бағалау рәсімінен табысты өткен мұғалімдерге курсты аяқтағаны туралы сертификат дайындау және тапсыру.

8)  Мектеп тренерінің міндеті:

·    мектепішілік курста мұғалімдерді Бағдарламадағы оқу жоспарына сәйкес сапалы оқыту;

·     сабаққа қатысушыларды тіркеу журналын (2-қосымша), тыңдаушылар дерекқорын (3-қосымша)

уақытында жүргізу;

·    сыныптағы тәжірибе кезінде тындаушыларға әдістемелік көмек көрсету;

·    бағдарламаны жүзеге асырудың қорытындысы бойынша тыңдаушылар портфолиосының формативті және

жиынтық бағалауын жүргізу;

·    бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындаған кәсіби сұрақтарды шешуде НЗМ ДББҰ ПШО

тренерлерімен үнемі байланыста болу.

 

 

 

 

Просмотров: 1046

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст