"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.04.2017

Жетекші мектеп: мәселе, ізденіс, келешек.

Қайырлы күн құрметті әріптестер, семинарға қатысушылар!  Сіздердің алдарыңызда  осы баяндаманы оқуға ұсыныс түскенде мен шынымен ойға қалдым. Өйткені жетекші мектеп ретіндегі іс-тәжірибеміз айтарлықтай көп емес. Біздің сіздерге атап көрсететіндей қандай жеңістеріміз бен жетістікткріміз бар.  Біз өзіміздің қандай пайдалы тәжірибемізбен бөлісе аламыз деген сұрақ мазалады? Қазіргі таңда біздің мектеп желілік қоғамдастық, жетекші мектеп жұмысы бойынша дүниеге келгеніне жеті ай болған сәби іспетті. Жеті айлық сәби не біледі? Көруді, естуді үйренген, мойнын ұстай алады, жан –жағындағылармен әрекеттесе алады.

         Бірақ осы аз уақытың ішінде біз өзгелерден үйрене жүріп атаулы істерді жасап үлгердік. Оның ішінде жетекші

мектеп бола отырып, желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, педагог кадрлардың білім мен біліктілікті арттыруда ынтымақтастықпен әр істі жетілдіруге күш салудамыз.

2016 жылдың жаңа оқу жылымен бірге біздің мектебіміз өз тәжірибесінде алғаш рет жетекші мектеп болып аудан көлемінде 10 мектепті өз жетекшілігіне алды.  Біздің мектептің ұжымының алдында үлкен сын мен сұрақтар туындады. Бізде қандай мүмкіндіктер бар, бекітілген мектептер үшін нақты қандай көмек  жасай аламыз? Біздің

білім әлеміндегі ең басты миссямыз қандай болмақ?  деген сұрақтар көкейімізде тұрды.

Ұжымда 42 педагог бар. Деңгейлік бағдарламаның сертефикаттарын иеленген ұстаздар мектеп бойынша 42 пайызды көрсетті. Ал егер желілік қоғамдастық бойынша көрсеткіштер келер болсақ:  жалпы 11 мектепте барлығы – 280 педагог кадрлардың 31 пайызы деңгейлік бағдарлама,  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, мектеп тренерлері,  критериалды бағалау бойынша координаторлар сертификаттарына ие. 

         Сертефикаттары бар мұғалімдер жетекші мектептің ең басты ілгерлетушілері болғандықтан мектеп ішінен көшбасшы ұстаздар тобын құрдық соның арқасында жұмысымыз жүйелі жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстың оң нәтижесін былтырғы жылы өткізілген аудандық «Педагикалық тәжірибе: мәселе, ізденіс, рефлексия» атты семинарда  дәлелдеп шықтық. Осы   семинардың нәтижесі бойынша 2016 жылғы жетекші мектеп рөлі бізге бір ауыздан ұсынылды. Курс бағдарламасымен қамтылмаған мұғалімдерді мектеп тренерлерінің және менторинг үрдісі арқылы мектепішілік білім жетілдіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Біз өзімізге жүктелген міндеттерді сезіне отырып, жетекші мектептің негізгі атқаратын функцияларын анықтап, мақсат, міндеттерін нақтылап, бұдан әрі қалай ынтымақтастықта жұмысымызды  дамыту жөнінде болжаулы жоспар құрдық. Келесі кезекте бекітілген мектептердегі деңгейлік курстан өткен ұстаздарды біріктіріп, олардың қажеттіліктерін анықтап бірлескен жұмыстарды бағалау және мүмкіндіктер туғызуға ұмтылдық. Осы жұмыс

басталғаннан бері біз бекітілген мектеп ұжымдарының ішінен деңгейлік курстардан бірде бір мұғалімі өтпеген мектепке  кезіктік. Бұл біздің жұмысымыздағы ең басты нысандарының бірі болды. Ынтымақтастықты орнату барысында біз сол мектептердің ұжымымен жақынан танысық. Жетекші мектептің көшбасшылары және жетекші қызыметкерлері  әрдайым достық кездесулер ұйымдастырып тұрды. Сондай кездесулердің бірі ретінде біздің мектепте   «Желілік қоғамдастықтағы ынтымақтастық  - мектеп басшыларымен және көшбасшы ұстаздардың тиімді әрекеттесуінің негізі»  тақырыбында ұйымдастырылған диалогтык алаңды айтар едім. Кездесу барысында желілік

қоғамдастықта туындаған мәселелерді талқылап тиімді әрекеттесу арқылы мектеп тәжірибесін жетілдіру,   педагог

кадрларға  кәсіби қолдау көрсету, ынталандыру, мектеп басшыларының тікелей қолдау қажеттілігін нақтыладық. Өзара іс-қимыл жұмыстары барысында жетекші мектептің нақты жұмыстары мен оның ішіндегі көшбасшы мен жетекші мұғалімдерге қолдау көрсету,  ынтымақтастық және желілік қоғамдастықтағы жетекші мектептің бекітілген мектептерді қолдауы туралы  сұрақтарға жауаптар берілді. Бекітілген мектептердің ұжымына сұрақтар мен анкеталар ұсынылып, олардың мәселелі  қажеттіліктері анықталғанан кейін құрылған жоспармен жұмыстар жүргізілді. Жоспар бойынша бекітілген мектептер қауымдастығында коучингтер, кәсіби кездесулер, инклюзивті оқыту бойынша әр

түрлі іс-тәжірибемізбен бөлісуге шақырып отырдық.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осы бағдарламаның қыр-сырын танып білуде жетекші мектептің жұмысы өте маңызды деп ойлаймын.  Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. 

Критериалды бағалауды қолдануда туындап жатқан кедергілерден шығуға мектеп коррдинаторы Жусупова Р.Ш. магнттік  мектептердің  үйлестірушілерімен, оқу ісінің орынбасарларымен және бірінші сынып мұғалімдерімен бірлесіп жиынтық бағалау, модерация тобының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды рәсімдеу, оқушы портфолиосын жинақтауда оң нәтижеге қол жеткізді. Оқу жылының басынан Кокшетау қаласының Педагогикалық Шеберлік Орталығы тренерлері ұйымдастырған онлайн – вебинарларға қатысып тұрдық. Вебинар тақырыптары мазмұны жағынан жаңартылған білім беру мазмұнын мектеп тәжірибесіне кіріктіруде 1 сынып мұғалімдеріне дер кезінде көрсетілген кәсіби көмек болды деп ойлаймын. Бұл вебинарлар теориялық жағынан да, тәжірибе жағынан да  критериалды бағалау барысында туындаған көп  сұраққа жауап болды. Вебинар материалдарын магниттік мектептерге ортақ электрондық почта арқылы мектеп координаторларына 1 сынып мұғалімдеріне жеткізілді. Әрине

атқарылған істермен қатар кедергілер де бар, бірақ біз сол кедергілерден шығатын жолдарды білеміз, өйткені біздің желілік қауымдастықтың мүмкіншілігі зор.

Сөз соңында айтқым келетіні... өзгенің уақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын мұғалімдер үшін,  желілік қоғамдастық тағы бір міндет арқалатып және күш-жігерді талап етеді. Шынымен  нағыз ұстаз алдындағы шәкіртін оқытып қана қоймай, өзінің үздік тәжірибесін өзгелермен бөліседе біледі. Бұл қазіргі таңда ұстаз иығына артылған тағы бір жүк! Бұл міндетті өздеріңіз көріп отырғандай біздің мектеп ұжымыда адал әрі аброймен атқаруда. Дегенмен, біздің жұмысымыз енді басталды.  Ынтымақтастық аясында білім әлемінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім бағдарламасына сай іргелі істерді бірлесіп атқаратынымызға, кедергілерден бірлесіп шығатынымызға  сеніміміз зор. Осы орайда Целиноград ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабиетінің әдіскері Мусина Айнұр Далабаевнаның

тікелей қолдауы  қоғамдастықтың жұмысын жандандыруда үлесі зор. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы демекші, барлық семинарға қатысушыларға жаңа ойлар мен жарқын бастамалар тілеймін!  

Просмотров: 4504

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст