"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы

22.10.2020

 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы

Осы оқу жылында карантин жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде балдарды қоя отырып, қалыптастырушы бағалау енгізілді. Бұл ретте қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 балға дейін құрайды. 1-сыныптарда бағалау жүргізілмейді.

Сондай-ақ, биыл тоқсандағы жиынтық жұмыстардың саны бойынша өзгерістер енгізілді. 2-11 сыныптарда бөлім үшін 1 жиынтық жұмыс және бағалау көзделген пәндер бойынша тоқсан үшін 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі.

Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес біздің мектепте бөлім бойынша жиынтық бағалау 2020 жылдың 5-15 қазаны аралығында жүргізілді. Тоқсан ішінде жиынтық жұмысты жүргізу 2020 жылғы 28 қазан мен 3 қараша аралығында, талаптарды ескере отырып – күніне 3 жиынтық жұмысты өткізу жоспарлануда.

Ағымдағы оқу жылында пәндер бойынша қорытынды баға қою кезінде оқушылардың күн сайын алған қалыптастырушы балдары да ескеріледі. Бағалау келесі есеп бойынша есептелетін болады: ФБ – 25%, ЖБ – 25%, ТЖБ – 50%.

"Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Бастапқы әскери және технологиялық дайындық", "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

Үйде білім алушылар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалын ескере отырып, жеке тапсырмаларды әзірлейді.

Оқу жетістіктерін бағалауға қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша сіз мектеп әкімшілігіне жүгіне аласыз.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст