"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

СҰЛУЛЫҚ –

СПОРТТАН БАСТАЛАДЫ...

  8 Наурыз – Халықаралық

әйелдер күні, күлімдеген көктемнің шуағымен келетін мереке. Бұл

мерекенің әлемді жылуымен жадыратар мезгілмен сәйкестігінде өзіндік заңдылығы

бар. Өйткені, Көктем мен Әйел – егіз ұғым. Бірі табиғатты оятса, екіншісі –

адамзатқа өмір сыйлар тіршіліктің алтын діңгегі.

Көктемгі нұр мен шаттыққа толы

осынау күнді барша еразаматтар да ерекше қадір тұтады, құрметтейді. Өйткені,

қашанда елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйелзатынсыз мағыналы тіршілікті

елестету мүмкін емес. Осы орайда, мереке қарсаңында мектебімізде нәзік жанды

ұстаздар құрметіне «Сұлулық- спорттан басталады» атты спорттық сайыс

ұйымдастырдық. Сайысты дене шынықтыру пәнінің ұстаздары М.Ә.Сабыров пен

Н.А.Ниязбав жүргізді. Аталмыш сайысқа мектебіміздің он алты ұстазы қатысып, оқу

– әдістемелік тұрғыдан ғана емес, өздерінің салауатты өмір салтынан да алдарына

жан салмайтын хас шебер екендіктерін көрсетті. Сайыс барысында ұстаздар үш

топқа бөлініп, өз топтарының аты мен ұрандарын табан асты дайындап

тапқырлықтарын танытса, әр түрлі спорттық сынақтардан сүрінбей өтіп, көрермен

жұртты таң қалдырды. Бұл сайыста нәзік жанды ұстаздар өздерінің оқуда ғана

емес, қоғамның барлық саласында барынша қабілетті екендіктерін көрсетті.

Спорттық сайыс өз мәресіне жетіп,

төрешілердің шешімімен «Бірлік» тобы І орынды иеленсе, қалған «Бәйшешек» және

«Букет» топтары 2 – орынды бөлісті. Мереке алдында нәзік жанды, аяулы

ұстаздарымыз керемет көңіл – күй мен осындай мәртебеге ие болды! Біздің мақсатымыз

да осы еді... Ендеше, ел ынтымағын жарастырып, ырысын тасытқан

аяулы аналарымыздың ақ жолын жалғастырып келе жатқан әйел баласын қалай

ардақтасақ та жарасады! Халқымызда «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші

қолымен әлемді тербетеді» деген қасиетті сөз бар. Мерекелеріңізбен, аяулы нәзік

жанды ұстаздар қауымы!!!

Бақытбек

Мекебайұлы,

тәрбие ісінің

орынбасыры

Новоишимка

ауылы

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст