Күні:15.02.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова Р.Ш. | ||
Сынып: 7 |
Қатысқандар:13 | ||
Сабақтың тақырыбы |
Периодтық жүйенің құрылымы | ||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) |
Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды, топтар мен периодтар түсінеді. | ||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: -Периодтық кестенің құрылу принципін біледі,топтар мен периодтар туралы түсінеді Оқушылардың көбісі: - химиялық элементтердің қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсінеді Кейбір оқушылар: -периодтық кестенің құрылу принципіне сәйкес келмейтін химиялық элементтердің орналасуын түсінеді | ||
Бағалау критерийі |
Периодтық кестенің құрылымы ХЭ атом салмағының өсуіне байланысты болып келетінін түсіндіреді. | ||
Тілдік мақсаттар |
Жаңа түсініктер: Қасиеттер, периодтық кесте, үлкен және кіші периодтар, негізгі және қосымша топшалар,атомдық нөмір, элемент, ядро заряды Диалогқа қатысты айтылым немесе жазылым: 1 тапсырмада қамтылады | ||
Құндылықтарға баулу
|
Өзара көмек, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болу дағдылары сабақ барысындағы жұптық,топтық тапсырмалар арқылы ынтымақтастықта жұмыс жасау қалыптасады. | ||
Пәнаралық байланыс |
Физика | ||
Алдыңғы білім |
7.2А Атом құрылысы туралы біледі. 7.3В И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін біледі және салыстырады. Бұл бөлімде оқушылар периодтық жүйенің құрылымын және периодтық кесте атомдық нөмірдің өсуіне байланысты құрылатынын түсінеді. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар | |
Сабақтың басы
2 мин
1 мин
4 мин
|
-Ұйымдастыру кезеңі -Психологиялық ахуал туғызу. «Көтерінкі көңіл күй сыйлау»
Мен сіздерге сәттілік тілеймін!
Металдар мен бейметалдар атауымен екі топқа бөлінеді.
«Аңыз бен ақиқат» сұрақтары арқылы жаңа тақырып пен оқу мақсаты анықталады. Сұрақтар: 1.ХЭ үш топқа жіктеледі.Аңыз 2. Менделеевтің периодтық заңды ұсынған. Ақиқат 3.Триада заңын Ньюлендс ұсынды. Аңыз 4.Деберйнер 1829 жылы октавалар заңын ашты. Аңыз 5.Алтын, күміс металдар. Ақиқат 6.Сутегі, оттегі бейметалдар. Ақиқат 7.1869 ж периодтық заң ашылды. Ақиқат 8. 1829 ж триада заңы ұсынылды. Ақиқат 9.1865 ж Ньюлендс октавалар заңын ашты. Ақиқат 10. Қазіргі периодтық кестеде 80 ХЭ бар. Аңыз
Оқушылар жауаптарын қолдана отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. «Периодтық жүйенің құрылымы»
|
ХЭ атауы жазылған сүреттер
интерактивті тақта
| |
Сабақтың ортасы 9 мин
|
Оқушылардың іс- әрекеті.
«Ойлан, жұптас, бөліс» (Бұл тапсырма оқушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларының қалыптасуына көмектеседі) №1 тапсырма Мәтінді 5 минут жеке оқыңыз,2 минут жұпта талдаңыз және 2 минут топта талқылаңыз. Мәтіндегі негізгі анықтамалар мен заңдылықтарға назар аударыңыз. -жеке оқу -жұпта әңгімелеу -топта талдау. Дескрипторлар: -периодтың, топтың сипаттамаларын, жіктелулерін біледі - периодтық кестенің құрылу принципін түсінеді |
оқулық, интерактивті тақта, ХЭПЖ
| |
|
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалау Берілген мәлімет толық десе 3 рет, толық емес десе 1 рет шапалақ ұрады |
| |
5 мин |
№2 тапсырма Жеке жұмыс.Оқулық 81 бет. «Химиялық диктант» -Келесі сөйлемдерді дәптерге жазып толықтырыңдар: Периодтық жүйедегі барлық элементтер атом салмағының артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь қатарлары период деп аталады. Тік қатарлар топ деп аталады. Төменгі сол жағында металдар орналасқан, ал жоғарғы оң жағында бейметалдар орналасқан. Элементтердің көпшілігі металдар. Дескриптор: -жасырылған сөздерді мәтіннен қателеспей тауып жазады; -периодтық жүйенің құрылымы туралы жаза алады. Талдау. Интерактивті тақта экранынан дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз дұрыс жауаптарын «+» таңбасын қойып тексереді.
|
оқулық | |
|
Жақсы, пайдалы кері байланыс беру. |
| |
4 мин |
№3 тапсырма Сыныппен жұмыс. Оқулық 2 тапсырма 81 бет. «Өздік жұмыс» (тапсырманы орындау арқылы, оқушының периодтық жүйемен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.) Элементтердің периодтық кестесін пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз, дәптерге орындаңыз: а) ең жеңіл элементті сутегі ә) рет нөмірі 12-элементті; магний б) 3-периодтағы металдарды; натрий, магний, алюминий в) 2- периодтағы бейметалдарды; бор, көміртек, азот, оттегі, фтор, неон г) атомдық массасы 80- ге тең элементті; бром ғ) 4-период, 1-топтың қосымша топшасында орналасқан элементті атаңдар. мыс Дескрипторлар: -элементтің реттік нөмірін біледі; -металдарды ажырата алады; -бейметалдарды ажырата алады; -периодтық жүйені пайдаланып, элементті анықтай алады.; Оқушылар периодтық кестені пайдаланып, тапсырманы дәптерге орындайды.
|
оқулық,ХЭПЖ | |
|
Бағалау. «Өзін-өзі бағалау» Дәптерлеріне дұрыс жауаптар 3-6 болса күлген смайлик, 1-2 кері смайлик жабыстырады. |
| |
10 мин |
4-тапсырма Топтық жұмыс. «ХЭ периодтық жүйесін құру» . Оқулық 4 тапсырма 81 бет. Берілген Периодтық кесте үлгісіне карточкадағы химиялық элементтерді ХЭ атом салмағымен реттік нөмірінің өсу реті өсу ретімен орналастыр. 1-топқа натрий, алюминий, хлор, аргон, темір. 2-топқа сутегі, алюминий, фтор,мыс, ксенон. Дескрипторлар: 2.Топта белсенді жұмыс істейді. 3.Элементтерді атом салмағының өсу ретімен орналастырады. периодтық кестеге өздеріне берілген элементтерді түсті фломастерлер мен түрлі - түсті қарындаштарды қолдана отырып, элементтерді ретімен орналаcтырады, өз «кестелерін» құрастырады. Мұғалім оқушылардың топтағы белсендігін бақылайды, белсенділігі төмен немесе қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыт беруіне болады.
|
ХЭПЖ бос А4 қағазда, оқулық | |
|
Талдау. «Панорама» әдісі. Әр топтан бір оқушысы топ жұмысын қабырғаға іліп, басқа топқа таныстырылым жасайды. Бағалау. «Бас бармақ» әдісі.
|
| |
Сабақтың соңы 3 мин
|
Оқушыларға рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»• Оқушыларға стикер беріледі. жұлдыз – ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); тілек – жақсартуды қажет ететін тұстары туралы ұсыныс. Мұғалімнің кері байланысы жүргізіледі. Үйге тапсырма:14 параграф 5 тапсырма 82 бет |
|