Жаңаесіл ауылының ЖОББМ - де “Отбасы тәрбиесіндегі адамгершілік құндылықтар”атты 1-11-сынып ата-аналары арасында жалпы мектепішілік дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожабекова Г.Ж алғы сөзімен бастап, ата-аналармен “Саяхатқа шығайық!”танысу тренингісін жүргізді. Ары қарай тізгінді 8 “А” сыныбының жетекшісі Жусупова Р.Ш алып, “Ой шақыру" кезеңін Бесік жырымен” бастап берді. Мақсаты: Ана сүтімен бірге дарыған бесік жыры - адамның түп санасын оятады, адамгершілік құндылықтармен байытады. Келесі негізгі практикалық бөлімді директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Қызыр Назгүл жүргізді. Сейілбек Мырзабайдың “Балалықтан даналыққа” атты кітабының негізінде төрт топқа бөліп, “Құндылық пен құрал”, “Отбасындағы адамгершілік құндылықтар дегеніміз не?”т.б өзекті тақырыптарды топтарға бөліп беріп, ата-аналар өздері оқып,талқылап, ортаға шығып постер қорғады. Әр ата-ана бала тәрбиесінде толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды. Пікір алмасып,ойларын ортаға салды. Бекіту кезеңінде "Бір жылдығын ойлаған ел бидай егеді, оң жылдығын ойлаған ел ағаш егеді, мәңгілігін ойлаған ел ұрпағының кеудесіне құндылықтың дәнін егеді" деген оймен түйіндеген Жусупова Р.Ш “Боялған тұз” жаттығуын жасатты. Дөңгелек үстелді Кожабекова Г.Ж “Кубизм”сұрақтарымен қорытындылады. Іс-шара соңында ата-аналар көкейтесті көп сұрақтың жауабын тапқандарына дән риза болып, бала тәрбиесіндегі құндылықтар төңірегінде құнды мәліметтерге де қанық болғандықтарын ризашылықпен білдірді.