Текст
07.02.2024жылы «Жаңаесіл ауылындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашы Л.А.Кульмагамбетова 2-сынып оқушыларына «Махаббат марапатты қажет етпейді» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді, сынып жетекшісі Жакенова Ж.Р. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды үлкенге, отбасы мүшелеріне, достарына, сыныптастарына мейірімділік пен сыйластық танытуға, адалдықты, әділдікті, әдептілікті бағалай білуге тәрбиелеу. Сондай-ақ көркем әдебиет оқуға деген қызығушылық пен білімге деген құштарлықты арттыру.