Текст
2020 жылдың қаңтардың 15-16 күндері Алматы қаласында Сүлеймен Демериель атындағы Университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өтті. Конкурс бірнеше бағыттан тұрды. Фестивальға республика бойынша 245 педагог қатысты. Біздің мектептен 2 ұстаз қатысып, жоғары нәтижеге ие болды. ІІ дәрежелі дипломмен Атошева Жазира Бейбитовна қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі марапатталды. Мектептің логопед дефектолог маманы Тургалиева Айымгуль Ауезбековна өз педагогикалық идеясын ұсынып сертификатқа ие болды.