Текст
5-6 желтоқсан күндері Қараөткел ауылында өткен аудандық олимпиадаға біздің мектептен 16 оқушы қатысты. Олимпиаданың екінші кезеңіне 7 оқушы қатысты. Интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша 6 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Николаева Анастасия 1 орын, Темір Нурсултан 2 орын, Жумабекова Аружан 2 орын, Логвинова Вероника 2 орын, Елтай Айдос 3 орын, Комаров Григорий 3 орын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында бұл мектеп оқушылары мен педагогтары жұмысының тамаша нәтижесі. Мектеп өзінің жас көшбасшыларын мақтан тұтады!