Текст
29-30.11.2022ж «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңаесіл ауылының орта білім беретін мектебі» КММ психологы Билоус О.Н. Астана қаласы Білім басқармасының шақыруымен «Білім беру экожүйесі заманауи мектептің қызмет етуінің жаңа үлгісі ретінде» атты IV халықаралық ғылыми-педагогикалық конференцияға қатысты, оған Қазақстан, Украина, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Татарстан, Словакия, Польша білім беру ұйымдарының 300-ден астам өкілдері қатысты. ХҒПК барысында заманауи білім берудің белсенді мәселелері талқыланды.