2019 жылдың қараша айының 23 күні Халық ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Болашақ» өнер мектебі «Мен жалындап өтемін.. » атты республикалық байқауын өткізді. Республикалық байқау Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан орталық концерт залында өтті. Байқауға алты номинация бойынша бақ сынауға лайықты 6 мен 17 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер және ересектер қатысты. Республикалық байқауға Целиноград ауыданы Жаңаесіл ауылы №32 орта мектебінен «Көркем сөз оқу шеберлігі» (өлең, поэмадан үзінді) номинациясына үш оқушы қатысты. Олар: Серикова Гүлім, жетекші -Қызыр Назгүл, Бекмұхамбет Азамат, жетекші- Шокина Саягүл Тоқсанбайқызы, Бегімхан Зейін, жетекші- Куспанов Фархат Бегімханұлы. Барлығы да үздік өнер көрсеткені үшін арнайы дипломдармен марапатталды. Жетекшілеріне «Алғыс хат» табысталды.