Текст
22 қараша күні Рақымжан Қошқарбаев ауылы №43 орта мектебінде «Мерген» атты әскери сайыстың аудандық кезеңі өтті. Сайысқа сегіз мектептің оқушылары қатысты. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне біздің мектептің оқушылары да бар ынта-жігерлерімен ат салысты. Олар: Комаров Григорий 11 «Б» сынып оқушысы, Жамалиев Расул 10 «А» сынып оқушысы, Бурдакова Виктория 7 «Б» сынып оқушысы, Кульчицкая Анастасия 7 «Б» сынып оқушысы. Кульчицкая Анастасия үздік көрсеткіш көрсетіп, обыстық кезеңде Целиноград ауданының намысын қорғау үшін команда құрамына алынды.