"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық семинар

24.11.2019

2019 жылғы 19 қараша күні Шортанды ауданының Шортанды №3 қазақ орта мектебінде «Жетекші мектеп: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» атты облыстық аймақтық семинар-практикум өткізілді. Семинарға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Даулетқызы, директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаева Гүлнар Буркитбайқызы, әдіскері Даниярова Жанаргүл Кусниденқызы, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Смаилова Майра Исполқызы, Журунтаева Сауле Байкешқызы және Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Біржан сал,Бұланды аудандарының Жетекші мектеп үйлестірушілері мен білікті ұстаздары, сондай-ақ магниттік мектептердің көшбасшылық тобының мұғалімдері қатысты. Атап айтар болсақ, Целиноград ауданының Жетекші мектептердің бірі-Жаңаесіл ауылы №32 орта мектебінің директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Бақытбек Мекебайұлы мен «педагог зерттеуші»мұғалім, коуч Назгүл Қызыр қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді. Семинар Барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ және ағылшын тілдерінен, математика, химия, биология пәндерінен ашық сабақ жүргізілді.Блум таксономиясы, интерактивті оқыту технологиясы бойынша коучингтер, эмоционалды психологиялық мәдениет туралы тренигтер мазмұнды және тиімді өтті. Семинар соңында семинарға қатысты сұрақтар рефлексия өткізіліп, ұсыныстар жасалды.

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст