"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

Туған өлкеге, өскен ортаға өмірлік құрмет!

Атошева Жазира Беибитовна

«Туғалы түзге шығып көрмеген Қарт Қожақ, туған жердің қадірін қайдан білсін?»-деген жазушы Жүсіпбек Аймауытов сөзінің мағынасы терең, маңыздылығы ерекше. Себебі, адам деген пенденің не нәрсе қолында болса, соғұрлым қадірі төмендеу болатын сияқты ма қалай?... Кейде өз топырағымызда отырып, өзге елді көп армандайтынымыз ақихат. Кейде пендешілік пен елімізді шет елдермен салыстыра

отырып, біраз көзге көрінетін кемшіліктерді   жіпке тізіп, қаралайтынымызда шындық, тіпті ойланып қалам... Біз ұлтымызды, елімізді, жерімізді қаншалықты жақсы көреміз ? - деген сұраққа жауап таппаймын. Жалпы адамның жерге, елге деген сүйіспеншілігі немен өлшенеді? Маған елім не жасады деп емес, мен еліме не жасадым?

Мен Тәуелсіз Қазақстанда тудым. Тәуелсіз Қазақстанмен тең жетілген ұрпақпын. Мен кешегі ата –бабамның жан кешті өмірінің үзік-үзік сырларын әже, атамның аузынан да естімедім. Мен кешегі Абай мен Махамбеттің рухы тербеген даланың перзенті болғанмен, олардың тек жүздерін кітап бетінен көрген ұрпақтың буынымын. Мен кешегі Ақпан, қазан төңкерісі туралы тарих беттерінен оқыдым. Мен кешегі «Ұлы

Отан соғысы» кезеңінде елім деп еңіреген ата ұрпаұтың немересімін, қылышынан қан тамған кеңес заманының теперішін көрген аға буынның баласымын. Қайраттың кеудесінен шыққан демінің буы ұлы далаға тәуелсіздік дәнін сепкенде бесікте бөленген сәби едім, ал бүгін елімнің тәуелсіздігіне 25 жыл толса, мен 26 дамын.

Кез-келген сәтте, кез-келген мерекелік іс-шарада, мемлекеттік туымыз көтерілгенде, мемлекеттік әнұранымыз шырқалғанда, мен үнемі ішімнен Жаратушымыз Аллаға сансыз мадақ пен сансыз шүкірлік айтып, тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігіміздің ұзағынан  ғұмырлы болуын тілеймін! Сол сәттерде кеудемде алапат сезім арпалысады, жүрегім шаттықтан барша әлемге менмендікпен қарайды. Мен Отанымның төрінде тұрғанымды мақтанышпен  сезіне тұрып шаттанам! Бұл не деген адамды шексіз бақытқа бөлейтін құдірет еді. Бір жолы менің маңдайыма шет елге бару бұйырды. Әлде Алла маған өз елінің қадірін түсінсін деді ме екен. Сол сапарда мен жеті қат жердің үстінен мынау «жұмақ мекен» - деп неше алуа жерді  көрсетседе, менің осы туған топырағыма, жетпейтінін түсіндім. Мен өзім тек осы дархан топырақта табаным тиіп тұрғанда ғана бақытты бола алады екем. Бақа батпағына асығады демекші, ер елінде еркін, гүл жерінде көктегені жаратылыстың жазылмаған заңы іспеттес. Бұлбұлды орманынан бөліп қарауға болмайтыны сияқты, адамды Отансыз елестету мүмкін емес. Адамзатты ұлтты, нәсіліне емес, қазіргі кезде Отанына қарап таниды. Себебі, адамдар өздеріне жайлы, жүректеріне тыныштық тапқан жерді Отан деп еспетуге қалыптасқан.

Отанға деген шексіз махаббатты әр адам әр түрлі түсінеді. Бірақ Отанға деген махаббаттың формуласы біреу –ақ.  Әлемнің қай түпкірінде болсаңда Өзің туып-өскен жердің гүлденуіне ниетіңмен болсын тілекші болу.

  Мен Отан алдындағы  парызымның өтелмейтінін түсінсем де, Отан алдында өзімнен кейін Отанға басын иетін ұрпақ тәрбиелеуге тырысамын. Менің еңбегім, елімнің оты болып жанып, сүйегім күлі болып шығарылыса да бір кәдеге жараса, менің адам болып туып, адам болып өлгендігімінің белгісі.

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст