Желтоқсан һәм Тәуелсіздік
(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арнау)
Қазақтың мекені – бақыттың бесігі,
Бабалар ордасы – күрескен кешегі.
Тәуелсіз елім бар «мың өліп» тірілген.
Өлмеітін халықтың ұрпағы деседі...
...Өр рурты «елім» жеп соққан жүректердің барына,
Мен сенемін, себебі сіңген бабалардың қанына.
Желтоқсанда «шындық жырын жырлаймын деп талпынған»,
Жастарымның қанменен жара салды жанына.
Темір дойыр, азулы иттер аш қасқырдай қаптаған...
«Нашақор» деп айқайлаған сасық ауыз жат маған!
Сол бір жылдың ызғырығы жұлып кеткен жауқазын -
шыныменен бейбақ па еді,ардың жолын аттаған?!.
Қайсар ұлдар қақап тұрған аязға да қарамай,
Оққа тосты кеудесін...от сөндірген жанар-ай...
Тұлымшағы желбіреп, ту сыртынан тіс қайрап,
Қыршын кеткен қазақтың Ләззатай қыздары- ай!..
Желбіретіп көк жалауды кең алаңға беттеді...
Тепсе-дағы шаштан жұлып, еш жан кейін кетпеді.
Жанын түйіп шүберекке шыққан қанша боздақтар –
Мәңгі өшпетін жұлдыздар ғой жарқыраған көктегі.
...Сол бір жылдың бүлдіршіні – бүгін міне, азамат,
Бостандықта өмір сүру неткен, достым,ғажап – ақ!
Қазақ елі ұмыстпайды қайрандарын Қайраттай,
Бір адамдай кетсе-дағы өмір бізді жазалап!!!
Тәуелсіздік – тәтті ұғым, оңайлықпен келмеген,
Қуаныштан жыр жазам, жүрек түбін кернеген!
25 жыл - мерей той құтты болсын,тағайын,
«Тар жол, тайғақ кешуде» намысты қолдан бермеген!
Қызыр Назгүл
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
02.12.2016 жыл