"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2017

Тұғыры биік

Тәуелсіз еліме 25 жыл!!!

  Логопед –дефектологы: Тургалиев А.А 

 «Біз – Қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ соқтықпай жай жатқан елміз

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз

Ешбір дұшпан басынбаған елміз

Басымыздан сөз асырмаған елміз

Асқақтаған жау болса,

Хан ордасын таптай білген елміз

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды

Ұл мен қызды қаматып, отыра алмайтын елміз»

                                                     

                           Қазыбек би.

 

 

Тәуелсіздік – ең алдымен  Қазақ халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да мен үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.  Еліміз тәуелсіздігін жариялап,  дербес мемлекет ретінде әлемге танылғанын әр ұлтқа жар салып мақтанышпен, сан  жылдар  бойы армандап келген Қазақ елім деп айта аламын. Осы жылдар ішінде қыруар істер атқарылды, атап айтсам, Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел  екенін мойындаттық. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі  де белеске көтерілген. Болашағынан үлкен үміт күтетін жастардың дамуынада жағдай жасалып, білім стратегиясын колға алып терең даму процесін көтеріп, көпдеген оқу орындары және шет елде білім алуға, мүмкіндік жасады, себебі, елімізді көркитетін, дамытатын, жаңа идеялар ойластыратын, күш қайраты тасыған, жастар екені бәріне мәлім. Елбасының « Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы және  даусыз   саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс »,- деп атап көрсетуінде үлкен

мағына жатыр

Тәуелсіздік  ата - бабамыздың жүздеген жылдармен  өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Тәуелсіздіктің болашағы үшін, өсіп өркендеу үшін, нығаюы үшін қазақтың  - өзіміздің ұлттық бірлігіміз, қайрат жігеріміздің, бірігуі өте маңызды. Тәуелсіздіктің бәрімізге артар міндеті мен маңызы зор. Қазақ жері  деп қан төккен  батырларымыз, ата – бабаларымыздың, дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздігімізге бастау болған  сол бір ызғарлы желтоқсан күндері есімнен кетер емес.  Түрлі жағдайда көз жұмған аға, апаларымыздың  рухы жәннатта болғай деймін!

       

    

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст