Еңсесі биік ел Тәуелсіздігіне 25 жыл!
Автор: Рахмет Ж. А.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман.
Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қат – қабат
тарихтың басты мазмұны – азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық үшін күресінің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар. Еліміздің іргесі
сөгіліп, бірлігі мен ынтымағы кетпеуі жолында азаматтар талай тер төгіп, бастарын да құрбан етті. Соның арқасында көгінде байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстанның азаматы атанып, Азияның кіндігінде орын тепкен, ойып орын алған , ұлан-байтақ жердің иесі болып отырмыз.
Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынаннық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Десе де, Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол.
Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмітәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда
әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін халқымыздың барша еңселі азаматтары, еліміздің еселеп дамуына еңбекпен қызмет етуі зор міндет.
Ендігі кезде Тәуелсіздік іргетасы толығымен қаланған егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмай, көк туымыз көкте мәңгі желбіреуі үшін әрқайсысымыз еңбек етіп, сол жолда күресуге тиіспіз. Абыройы мен арына дақ түсірмей келген
ұлтымыз, тіректі тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, сарқылмас қазынамыз бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа аманат. Аманатты жеткізу ұстаздардың, біздердің, мойнымыздағы міндет. Ендеше еліміздің Тәуелсіздігінің 50 жылдық, 100 мерейтойында міндетімізге абыроймен жүзеге асыруды Алла нәсіп етсін!