Текст
14.04.2022 ж., «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімінің Жаңаесіл ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары Байжуманова Дарья және Денежко Юлия, психолог Билоус О.Н. жетекшілігімен, Ш.Уәлиханов атындағы университет базасында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға, Көкшетау қ. «Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» өзін-өзі тану секциясының жұмысына, сонымен қатар онлайн режимінде мектеп оқушылары Бенц Надежда, Билоус Кирилл, Худякова Анастасия белсенді қатысты; дене шынықтыру мұғалімі Иутина А.Ф.жетекшілігімен оқушы Иутин Федор - дене шынықтыру секциясының жұмысында онлайн қатысты. Қатысушылар сертификаттармен, жетекшілер – оқушыларды сапалы дайындағаны үшін алғыс хаттармен, оқушылардың жеке және бірлескен авторлықпен жазған, конкурстық іріктеуден өткен ғылыми мақалалары конференция материалдарының жинағына енгізілетін болады.