"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Президентінің халыққа жолдауы бойынша пікір.

28.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолауы

«Жаңа Қазақстан:Жаңару мен Жаңғыру жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.Президент қазіргі таңда Үкіметтің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын  атап айтты. «Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз.Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»,- деді Президент.Мемлекет басшысы қасіретті қаңтар оқиғасына айрықша тоқталды.Ол мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбауы үшінмемлекет тарапынан барлығы жасалатынын және қанды қылмысқа жауаптылар  тегіс жазаланатынын атап айтты.

Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын.Бұл құжат,ең алдымен қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген.Экономикадағы ,саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз.Нағыз  бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып,жағдайы жақсарады .Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз.Осыған орай «Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп берет3н Үкімет» қағидатын аламыз.Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын-деп жалғады сөзін.

Бірінші.Президенттің өкілеттігі туралы

Қазақстанда бұған дейіе суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасты.Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қажет.Саяси үстемдікке барыншы шектеу қою қажет.Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде рәсімдеуді ұсынамын.Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болуға тиіс.

Екінші.Өкілді билік тармағын қайта құру

Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек.Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту туралы шешім қабылдадым.Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды.Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту қажет.

Үшінші.Сайлау жүйесін жетілдіру

Саяси жаңғырудың басты мақсаты-азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру.Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы жүзеге асырамыз.Қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді.Сондықтан мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын.Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық,30 пайызы мажоритарлық  тәсілмен жасақталатын болады.Енді сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтаруға болады.

Төртінші.Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту

Партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдейді.Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп,тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады.

Бесінші.Сайлау үдерісін жаңғырту

Көптеген елдерде дауыс берудің баламалы түрлері пайдаланылады.Электронды,мерзімнен бұрын,қашықтан,көпкүндік дауыс беру тәсілдері кеңінен қолданыла бастады.Сондықтан әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп қажет болса біртіндеп енгізген жөн.Елімізде өтетін сайлауларға шетелдердің араласуына жол бермеу үшін заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдауға тиіспіз.

Алтыншы.Құқық қорғау институттарын күшейту

Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар.Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институ бар.Оған кез келген адам өзінің сауалын жолдай алады.Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын.Өлім жазасына тиым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажет деп санаймын.Әйелдерге және балаларға зорлық – зомбылық көрсеткендердің жазасын қатайту туралы шешім қабылдауды прокоротураға тапсырамын.

Жетінші.Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаттық қоғам институттарының рөлін нығайту

Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек.Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс.Қоғамның сұранысын ескере отырып БАҚ туралы заңды қайта қарау керек.

Сегізінші.Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру.

Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын.Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады.Киелі өлкені қайта жаңғыртуымыз қажет.Жезқазған  облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет.Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады.Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын.Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады.

Тоғызыншы.Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру

Мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет.Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн.

Оныншы.Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы

Қазақстан қазіргі тарихымызда болып көрмеген қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келіп отыр.Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ету керек.Бұл біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы.Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқтырды.Таяу уақытта бұл бағалардың шарықтап кетуі де мүмкін.Сондықтан да ауылшаруашылық дайындығын күшейтуіміз қажет.

Қорытынды:Бүгінгі бастамалар өте ауқымды.Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Конституция баптарына өзгерістер енгізіледі.Сын-қатердің бәрін еңсеріп,елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік.Біздің мұратымыз –Жаңа Қазақстанды құру.Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деген сенімдемін.

 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст