"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасының елді ойлаған жүрегінен айналдым!

04.03.2019

Елбасының елді ойлаған жүрегінен айналдым!

Құлмағамбетов Талғат Мақтайұлы

Целиноград ауданының маслихат депутаты

Елбасының  әр сөзін барлық Қазақстандықтар асыға күтеді және жіті назарда ұстайтыны бұл күнде жасырын емес. Бәлкім бұл елбасына деген құрмет болса, бұл күнде елбасының елге сіңірген еңбегінің нәтижесі де болар. Дегенмен Тәуелсіз Қазақстанның келбетін айқындап, осы күнге жеткізуінде орасан еңбегімен  маңдай тердің бар екені даусыз. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталады. Оған Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр.Бүгінгі күні өткізіліп жатырған Нұротан халықтық париясының сезьінен халық күткен сөздер айтылды. Себебі, елбасшысы осындай болуы керегі даусыз. Халықтың мұң мұқтажын өз жүрегімен сезінген елбасы алдымен әлеуметтік мәселелердің шешілуіне тоқталғаны бәрімізді қуантты.

Жалақы мен жәрдемақылардың көбейетіндігі сонымен қатар халықтың әл аухатының мәселелері басты назарға алынғандығы қуантып отыр. Әрине «бұған дейінгі істелген істер аз емес, бірге жалғастырайық»-демекші Елбасын қолдау сіз бен бізге сын.

Әсіресе көңілімізден шығып, қуаныш сыйлағаны көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен берілетін ипотекалық баспана мәселесі болды.

Тағы бір атауға тұрарлық мәселе мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрибелеп отырған қамқоршыларға берілетін жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызға артқандығы. Аталған мәселелердің барлығы елдің жағдайы болғандықтан жүректерге үміт, қуаныш, сенім сыйлады.

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст