«Балам дейтін, ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан өсіп шығады»-демекші, мектеп жасындағы жасөспірімдерді қоғам назарында ұстай отыра, құқтық сауаттылығын жетілдіріп, өздерін қорғауға, оларды қолдайтын қоғам барын барынша түсіндіруге міндеттіміз. Бұл күнде еліміздің басты назарында тұрған бұл мәселе төңірегінде атқарылып жатырған ауқымды іс-шаралар жетерлік. Ақмола облысы , Целиноград ауданы, Новоишимка ауылы № 32 орта мектебіне –қоғамдағы қылмыстың өршуіне жол бермеу мақсатында жасөспірімдер инспекторы Төлебай Камила Сериковнаны шақыртылып 2-9 сыныптар арасында кездесу өткізілді. Бұл кездесуде жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылық пен тәртіпсіздік туралы , ұрлық , тонау , төбелес , дене жарақаттарын түсіру, мектепте ұялы телефондарды тартып алу , өздерінен кіші сынып балаларынан ақша талап ету , топ болып басқа сынып оқушыларымен төбелесу , интернет желісіне неше түрлі бейне жазбаларды салу сыйяқты қылмыстық тәртіпсіздік аясында сөз қозғалды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы бойынша ата –аналар немесе өзіне осы міндет жүктелген адам , сол сияқты педагогтің немесе оқу орындарының басқа қызметкерлері кәмілетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағанда , кәмілетке толмаған жасөспірімдер алкогольдік ішімдіктерді, есірткі , психотроптық заттарды қолдану, қасақана әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына жол берсе , олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ , ҚР- ның жаңа Кодекісіне орай әкімшілік құқықбұзушылық орын алғанда кәмілетке толмағандардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдер әкімшілік жауапқа тартылады. Кодекстің 127 – бабында кәмілетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауда өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін олардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.Кодекстің 132-бабына сәйкес кәмілетке толмағандардың түнгі уақыттарда түнгі 22:00-таңғы 6:00 ге дейін көңіл көтерген орындарда болуына мүмкіндік бергені үшін кіші және орта кәсіпкерлерге 30 және 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Оқушыларды осындай ҚР-ның Кодекістерімен таныстырып өтті. Мақаламның соңғы сөзін түйіндей келе “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық. Солардың бірі Новоишимка ауылының №32 орта мектебінде өткізілген құқық қорғау қызыметкерлерімен ұйымдастырылған «Жасөспірім. Заң» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Мектеп оқушыларын өз құқтарымен таныстыра отыра, олардың қандай жауапкершіліктері бар екенін, ескертіп, еліміздің патриот азаматтары болып қалыптасуға шақырды. Шара барысында оқушылар өздерінің тарапынан сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын тақырыптармен бөлісті.
Мақаланы жариялаушы ағылшын тілі пән мұғалімдері : Ниязбаева Гулмира Тлековна және Бисенова Гулшат Сериковна