Ауғаныстаннан Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты №32 Новоишимка орта мектебінде өткен Батыр клубының мүшелері арасында әскери-спорттық ойынының бағдарламасы:
-Оқушыларды адамгершілікке, сауаттылыққа, бірлікке ынтымаққа елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға баулу.
-Салауатты өмір салтын белсенді насихаттау.
-Әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту.
2. Байқауды өткізу орны мен уақыты
№32 орта мектеп 15 ақпан 2019 жылы сағат 15:00
3.Жарыстың бағдарламасы мен қатысушылар
8-9 сынып оқушылары қатысады, әр сыныптан 4 ұл, 2 қыз қатысады. Жарысқа қатысу үшін әр команда тапсырыс беруі керек. Сынып жетекшінің қолы қойылған.
І. Саптық жаттығуларды орындау
1) сапқа тұру, рапорт беру, әскери амандасу.
2) сыртқы келбеті, эмблема, бөлімше аты, ұраны
3) орындағы бұрылыстар: оңға, солға, артқа айналу
ІІ. Жалпы дене дайындығы:
Командаларды әр бағдарлама бойынша алған ұпай сандармен анықтау.
Жарыс төрешілері: Искаков С
Иутин Н
Мурзина М.И
Тәуелсіз сарапшылар: Сабыров М.А
Ниязбаев Н.А