Текст
2019 жылы 15 ақпанда № 32 орта мектепте Целиноград АІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Тулебаева Камила Сакеновна мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Қоғамдық тәртіп пен оқушылардың мінез-құлық нормалары бұзылуының алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме өткізілді. Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығымен өтті. Инспектор оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, осы жастағы оқушылар жасаған кейбір іс-әрекеттердің салдарын түсіндірді. Сондай-ақ , мектеп директоры Т. М. Құлмағамбетов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б. М. Мекебай және сынып жетекшілер қатысты