"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі  Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
ГКГУ "Общеобразовательная школа села Жанаесиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области".

Нормативтік құжаттар.


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Lesson Study тәсілі – бұл табысты оқытудың кілті» тақырыбында аудан мектептеріне арналған тәжірибелі семинар.

22.02.2022

Целиноград ауданының білім бөлімінің тапсырысы бойынша 2022 жылдың 16 ақпанында Жаңаесіл ауылының  Жетекші мектебі мен Серіктес Төңкеріс ауылын мектебінің ұжымы  «Lesson Study тәсілі – бұл табысты оқытудың кілті» тақырыбында аудан мектептеріне арналған тәжірибелі семинар ұйымдастырып өткізді. Мақсатты аудитория – мектеп тренерлері мен директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Семинар жұмысына аудандық білім бөлімінің  әдіскерлері Мусина А.Д. және Қорғамбеков Е.С. қатысты.

Семинар барысында Жетекші мектеп координаторы Андрушинас О.А. мектептің  әдістемелік активінің  рөлі мен жұмысын ұйымдастыруды туралы тәжірибесімен бөлісті. Жетекші мектептің мектеп тренері Қожабекова Г.Ж. Lesson Study тәсілін жоспарлау және оны оқу процесіне енгізу тәжірибесімен таныстырды. Жетекші мектеп тренері Р.Ш Жуспова «Зерттеудің тақырыбы мен сұрағын анықтау» коучинг  сабағын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Темирова А.С әріптестеріне «Іс-әрекетті зертеу тәжірибесінен» тақырыбындағы әс-әрекеттегі зерттеудің аралық нәтижелерін, ағылшын тілі мұғалімі Жаксалыкова А.Т. оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты ұйымдастырудың қыр-сырын ашты. Серіктес мектептің  мұғалімдері ашық сабақтар панорамасын өткізді. Сабақтарды  дайындаған: Бейсенова Г.И., Дәуренбек А.Д.Әлжабаева А.Е., Шакирова Н.М., Кеделбаева А.У. Сабақтарға  қатысқан әріптестер семинардың бірінші бөлімінде алған білімдерін сабақты бақылау барысында қолдана алды және мұғалімдердің оқушылармен  жұмыс жасау  әдістерімен танысты. Семинарға қатысушылар аймақтық шараға жоғары баға берді.

Екі мектептің де әдістемелік активтері  үлкен дайындық жұмыстарын жүргізіп, жақсы үйлестірілген өзара ынтымақтастықты  көрсетті. Жаңаесіл ауылындағы жалпы білім беретін мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Ж.Қожабекова  және серіктес мектептің  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары Г.Е. Айдарбекова айтулы шараны ұйымдастырып, өткізудегі маңызды рөлін ерекше айқындап берді.

ЖМ үйлестірушісі Андрушинас О.А.

  

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст